Шымкентте астаналық әртіс бортсерікті ұрғаны үшін жазаланды
Жарияланған күні:
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев Fly Arystan ұшағының бортында бортсерікті ұрған астаналық мәдениет қызметкері қандай жазаға тартылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, оқиға былтыр 18 желтоқсанда болған. Шымкент – Астана рейсінде "Целиноград" аудандық мәдениет үйі қызметкері қоғамдық тәртіпті бұзған.
Комитет басшысының айтуынша, мәдениет үйінің қызметкері мас болған.
"17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Н., әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК – 55 380 теңге әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды", - деді комитет бастығы Қайсар Сұлтанбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056192-symkentte-astanalyq-madeniet-uiinin-qyzmetkeri-bortserikti-urgany-usin-zazalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.