Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1018 өлексе табылған": Маңғыстау облысында аққудың жаппай қырылуына байланысты шұғыл кеңес өтті

Опубликовано:

Аққу
Аққу. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысының әкімі өңірде аққулардың жаппай қырылуына байланысты экологтар мен орнитологтардың қатысуымен кеңес өткізді. Ол аққулардың жаппай қырылуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

18 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев экоактивистерімен және Алматыдан шақырылған орнитологтармен кездесті. Кездесуде Қаракөл көліндегі аққулардың жаппай қырылу жағдайы талқыланды.

Әкімдік таратқан соңғы ақпарат бойынша, 1018 құстың өлексесі табылған.

Биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог және тәуелсіз сарапшы, сондай-ақ Қазақстан құстарды қорғау одағының және Мензбирлік орнитологиялық қоғамының мүшесі Виктория Ковшардың пікірінше, құс тұмауын жұқтырудың шегі өткеніне қарамастан, табылатын аққулардың өлекселерінің саны артуы мүмкін.

"Вирус әдетте құстардың белгілі бір түріне бағытталған. Мәселен 2015 жылы құс тұмауы бұйра бірқазанда ғана табылды, алайда бір жерде мекен ететін, бір түр тармағына жататын қызғылт бірқазанға әсер етпеді.

Демек, Қаракөл көлінде аққулардың өлімі ерекше жағдай емес. Біз мұнда негізінен қысқа нашар дайындалған жас құстар өлгенін көріп отырмыз. Бұл табиғи процесс. Аққуларды құтқару, бұл салыстырмалы түрде сіздің қар көшкінін қолмен ұстап, тоқтатқыңыз келетіні сияқты мүмкін емес дүние", - дейді Виктория Ковшар.

Қазір Маңғыстауда қыстайтын аққулардың жалпы саны 50 мыңға жуық.

"Аққулардың жалпы санының ең көп дегенде екі пайызы өлді. Көлге төгілетін сарқынды суларға келетін болсақ, олар аққулардың өліміне әсер етпейді. Өйткені ол көлдің биохимиялық құрамына қатты өзгеріс әкелмейді", - дейді сарапшы.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аққулардың жаппай қырылуына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ мұндай жағдайда тек сарапшылардың пікірін тыңдап, эмоционалды реакциялардан аулақ болуға шақырды.

"Бұл мәселе төңірегіндегі жағдай көпшіліктің назарында. Сонымен қатар мен мәселені шешуге қатысқан эко-белсенділерге алғысымды білдіремін. Алдағы айларда осы бірегей су айдынының биоалуантүрлілігін зерттеу үшін ғалымдар тобы келеді деп күтіледі. Ақпарат жинауға сарапшылардың, оның ішінде орнитологтардың қатысуы маңызды", - деді Нұрлан Ноғаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056213-qysqa-nasar-daiyndalgan-qyrylgan-aqqu-maselesi-akimdikte-tabigi-process-dep-ataldy/

pixel