Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік ұрлады деген күдікті Жамбыл облысында ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ұрланған көлік
Ұрланған көлік. Фото: polisia.kz

Алматы қаласында көлік ұрлады деген күдікті Жамбыл облысында ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ресурсы Telegram-арнасында хабарлады.

Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған. Күдікті республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент тасжолының 160 шақырымындағы "Отар" бекетінің төңірегінде құрықталған.

"Ұрлау мақсатынсыз көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Қылмысқа қатысы бар күдікті Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарда.

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші полицейлерге алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056243-almatyda-kolik-urlady-degen-kudikti-zambyl-oblysynda-ustaldy-video/

pixel