Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан экологиясын ластады деген компанияға 50 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Қарашығанақ
Қарашығанақ. Фото: akorda.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды. Компания өкілдері экологтардың айыбымен келіспей, сотқа жүгінген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, экологтар кәсіпорынды зиян қалдықтарды шектен тыс мөлшерде төкті деп айыптаған.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру кезінде компанияның қоршаған ортаның тазалығын сақтау талабын белден басқаны анықталды. Тұрмыстық шайынды су құйылатын тоғанды түрлі зиянды химиялық заттармен толтырған. Мұның ішінде 230 тонна хлорид, нитрат пен өзге де зиян тұздар бар.

БҚО экология департаментінің бас маманы Әлішер Уәлиевтің айтуынша, тексеру кезінде КПО Б.В компаниясы Экологиялық кодекстің 39 және 216-баптарының талабын бұзғаны анықталған.

"Олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды шекті мөлшерден асырып жіберген. Айыппұл көлемі 50 миллион теңге. Бірақ компания тексеру нәтижесімен келіспегендіктен, бұл дау сотта шешіледі", - дейді ол.

Еске салайық, былтыр наурызда Қазақстан президенті Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірін игеріп жатқан "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" консорциумының жұмысымен танысқан. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарашығанақты кеңейту жобасы таныстырылға болатын.

Ақорда сайтындағы мәлімет бойынша, 1997 жылы өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғалы бері инвесторлар Қарашығанақ кен орнын игеруге 30 миллиард долларға жуық қаржы құйған.

Өңірдегі ең ірі кәсіпорын саналатын "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" 3,8 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал консорциумға түрлі қызмет көрсетіп, өнім жеткізетін 142 мердігер мекемеде 20 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жоба жүзеге асырыла басталғалы бері ҚПО ел экономикасына 57,4 миллиард доллар көлемінде табыс әкелді. Оның ішінде 45,9 миллиард доллар бюджетке салықтар, төлемдер және өнімдегі үлес есебінен түсті.

Жалпы, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" 1998 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға 754,5 миллион доллар бөлген. Бұл қаржыға Батыс Қазақстан облысы бойынша 16 аурухана мен емхана, 3 дене шынықтыру-спорт кешені, 34 мектеп пен балабақша, театрлар және мәдени орталықтар және басқа да инфрақұрылымдар салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056310-qazaqstan-ekologiyasyn-lastady-degen-kompaniyaga-50-mln-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel