Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туыстардың басын қостық": анасының туған күніне тосынсый жасаған қыздар елді сүйсінтті

Опубликовано:

Туған күн иесі
Туған күн иесі. Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

Әлеуметтік желіде анасының туған күніне тосынсый ұйымдастырған қыздардың видеосы тарады. Олар жақындарының басын қосып, анасын тосыннан құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео kaskelenkz Instagram желісіндегі парақшада жарияланды.

"Анам фотосессияға бара жатырмыз деп ойлады. Біздің тосынсый дайындап қойғанымызды білмейді. Біз туыстарымыздың басын қостық. Олар тіпті басқа қалалардан келді", - деп жазылған видеода.

Видеодан әйел адамды қыздарының мейрамханаға "фотосессия жасаймыз" деп шақырғанын байқауға болады.

Алайда ол жерде әйелді жақын туыстары күтіп тұрған. Мейрамхана есігі ашылған бойда барлық туыстары әйелді Қайрат Нұртасты "Туған күн" әнімен қарсы алып, кезекпен құттықтай бастайды.

Желі қолданушылары анасына тосынсый ұйымдастырған қыздардың әрекетіне сүйсініп, жарыса жылы лебіз білдірген.

"Жарайсыздар", "Қандай керемет сыйлық", "Денсаулығы мықты болсын", "Қандай күшті тосынсый", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056339-tuystardyn-basyn-qostyq-anasynyn-tugan-kunine-tosynsyi-zasagan-qyzdar-eldi-suisintti-video/

pixel