Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бітімгершілік миссиясын орындауға жіберілетін әскерилер қалай іріктеледі: министр жауап берді

Опубликовано:

әскери қызметшілер
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді. Журналистер бітімгершілік миссиясына нақты кімдер жіберілетінін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл Голан биіктігінде орындалатын қазақстандық әскери қызметшілерге берілген алғашқы дербес миссия. Рота құрамында 139 әскери қызметші. Айта кетерлігі, бұл миссияға мерзімді әскери қызметтегі жауынгерлер қатыспайды. Тек кәсіби әскери қызметшілер, яғни оқудан өткен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер болады", - дейді министр.

Журналистер ведомство басшысынан әскери қызметшілер қалай іріктелетінін сұрады.

"Біріншіден, олар халықаралық заңнаманы білуі керек. Өздеріңіз білетіндей, барлық халықаралық заңнама БҰҰ талаптарына негізделеді. Біз бітімгергерлерді моральдық және іскерлік қасиеттеріне қарай іріктейміз. Мысалы денсаулық жағдайы, әскери тәртібі, әскери қызметші ретіндегі жеке дайындық деңгейі және тіл білу және заңнаманы білуі маңызды", - деді министр.

Руслан Жақсылықовтың айтуынша, бүгінгі таңда қазақстандық әскерилерге қойылған барлық талап орындалды.

"Бұл бізге келген халақыралық комиссияның берген лицензиясымен, дайындық деңгейін тексеріп, жоғары баға беруімен дәлелденді", - деді ол.

Сондай-ақ бітімгершілік миссияны орындауға баратын әскерилер тура бір жылға жіберілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056369-bitimgersilik-missiyasyn-oryndauga-ziberiletin-askeriler-qalai-iriktelinedi-ministr-zauap-berdi/

pixel