Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

World Snow Day мерейтойы: Шымбұлақ ауқымды қысқы мерекенің 10 жылдығын тойламақшы!

Опубликовано:

World Snow Day мерейтойы: Шымбұлақ ауқымды қысқы мерекенің 10 жылдығын тойламақшы!
Фото: "Шымбұлақ" ТК баспасөз қызметі

21 қаңтар күні Шымбұлақ тау курортында World Snow Day – мерейтойлы 10-шы қар күні өтеді.

Ол – жыл сайын Халықаралық шаңғы спорты федерациясының ұйымдастыруымен (FIS) өтетін, қысқы қуаныштарды тойлауда әлемнің 100-ден астам елдерін біріктіретін әлемдік мереке.

Арнайы осы мереке үшін Шымбұлақ тау курорты түрлі жастағы және дайындық деңгейлері әртүрлі келушілерге көптеген көңіл көтеру шараларын ұсынады. Толық 5 жастан 11 жас 11 айға дейінгі қатысам деуші барлық ең жас спортшылар үшін тау шаңғысы және сноуборд бойынша балалар сайысы ұйымдастырылады.

Шараның бағдарламасында Helly Hansen-нен ерекше сыйлықтар сыйланатын балалар сайыстары, қызықты диджей-сет және Live band Galantus өнер көрсетуі, хаскимен сырғанау, сонымен қатар флип-флом алаңда жалпы картинаны тудыруға ат салысу мүмкіндігі кіреді. Ең кішкентай қонақтарымызға арнап курорт ішінде арнайы экскурсия ұйымдастырылады.

«Шымбұлақ» ТК Бас директоры Ринат Абдрахманов: «World Snow Day біз үшін маңызды, себебі ол балалардың қысқы спорт түрлеріне және белсенді өмір салтына қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Балалар белсенді қысқы ойындарды рахаттана ойнап, олар арқылы өздерінің қызығушылықтарын тапса дейміз», - деп атап өтті.

Осы жылы қысқы қызықтардың жаңа көкжиегін ашып, World Snow Day-дің Бас демеушісі болатын – Audi Казахстан компаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056445-world-snow-day-mereitoiy-symbulaq-auqymdy-qysqy-merekenin-10-zyldygyn-toilamaqsy/

pixel