Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда оқушы қызды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көліктің соғылған сәті
Көліктің соғылған сәті. Видеодан кадр: instagram.com/baurzhan__alenov

Алматы облысында кәмелетке толмаған тұрғын көлік жүргізіп келе жатып, қызды қағып кеткен. Кәлеметке толмаған бала мен оның заңды өкілі жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Бауыржан Әленовтың сөзінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында көлік құралының кәмелетке толмаған қызды қақққаны жайында жарияланым анықталды.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жүргізуші мен автокөлік иесін анықтады. Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, дене жарақатының болмауына байланысты үйіне жіберді.

Көлік иесінің кәмелетке толмаған ұлының көлік құралын басқарғаны анықталды. Қазіргі уақытта кінәлі адам ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылды", - деп жазды ПД бастығы парақшасында.

Оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік құралының иесімен және оның ұлымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056524-talgarda-oqusy-qyzdy-kolik-qagyp-ketken-sat-videoga-tusip-qaldy/

pixel