Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метро станциядағы Назарбаевтың портреті алып тасталды

Опубликовано:

"Алмалы" метро станциясындағы Назарбаевтың портреті
"Алмалы" метро станциясындағы Назарбаевтың портреті. Фото мұрағат: 2gis.kz

Алматыдағы метро станцияларының бірінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті алып тасталды. Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бірқатар қазақстандық БАҚ Алматы метросының Алмалы стансасында ілулі тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті алынып тасталғанын хабарлады.

Президенттің портреті жоқ көріністі журналист Евгения Морозова Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісіне түсінік берді.

"Картинаның жақтауы мен әйнегі сынғандықтан алынды" - делінген Алматы метросы өкілдерінің жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056534-almatyda-metro-stanciyadagy-nazarbaevtyn-portreti-alynyp-tastaldy/

pixel