jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖД күшейтілген режимге көшті: Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп кетті

Ертіс өзені
Ертіс өзені. Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысында Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жиынға Семей қаласының әкімі, басқарма басшылары, ТЖ департаментінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ертіс өзенінде мұздың жиналуы салдарынан су деңгейінің көтерілуі мәселесі қаралды.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде құзырлы органдар барлық тиісті жұмысты жүргізіп жатыр. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус.

Абай облысының ТЖД күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын апаратын жерлер анықталды.

"Жағдай бақылауға алынды. ТЖД-ның барлық күші тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге толық дайын болуы қажет. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданады.

ТЖД күшейтілген режимге көшті: Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.