"Тұман, екпінді жел": еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктердің мәліметінше, 21 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, екпінді жел соғуы ықтимал, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың болжамынша, 21 қаңтарда Қызылорда облысында екпіні 15-20 м/с-ке жететін жел соғады. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Жексенбіде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында және Алматы қаласында тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Орал қаласында көктайғақ болады деп болжады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында да тұман түсіп, желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді.
Абай облысында, Өскемен мен Риддерде ауа райының қолайсыздығына байланысты 2-деңгейдегі ескерту сақталады. Жексенбіде Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
21 қаңтарда Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жексенбіде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде бүгін түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056570-tuman-ekpindi-zel-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/