Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АМӨЗ серіктесіне 2 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Опубликовано:

Газ станциясы. Көрнекі сурет
Газ станциясы. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Атырау облысында "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ге Joint Technologies ЖШС-нің 50 пайыз үлесін сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін 2 млрд жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысы прокураторасының ресми сайты.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, облыстық прокуратура өңір экономикасын демонополизациялау бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп жатыр.

"Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ парк сот қаулысымен бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атырау облысының прокураторасы өкілдері бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056716-amoz-seriktesine-2-mlrd-tengege-zuyq-aiyppul-salyndy/

pixel