Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді қазақстандықтар жаңа қосымша арқылы өз есімінің мағынасын біле алады

Жарияланған күні:

Смартфон ұстап тұрған қыз
Смартфон ұстаған қыз. Фото: pixabay.com

Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінде "Қызықты ономастика" мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Бұл жөнінде Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, "Қызықты ономастика" жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді.

Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған әрі бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналып отыр.

Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылған.

"Президент өз сөзінде мемлекеттік тілде цифрлық өнімдерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Біз көпшілік үшін ыңғайлы "Қызықты ономастика" мобильді қосымшасын іске қостық. Барлық атаулар семантикалық қасиеттері бойынша топтастырылған, бұл біздің жобамыздың бірегейлігі. 1,5 жыл бойы табанды еңбек еттік, көптеген жұмыс пен материал зерттелді.

Біздің қосымшамыз әйел мен ер адамдар есімдерінің шығу тілін, этимологиясын білуге мүмкіндік береді. Егер сіздің есіміңіз бірнеше сөзден тұрса, олардың әрқайсысының жеке мағынасын таба аласыз. Сондай-ақ цифрлық платформада алфавит бойынша сұрыптау бар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу тарихы сақталады және сіз таңдаған есімдерді бөлек сақтауға болады", - дейді жоба жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова.

Цифрлық платформада ыңғайлы навигация және жылдам іздеу жүйесі бар. Мобильді қосымша қазір Android платформасында қолжетімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056747-endi-qazaqstandyqtar-zana-qosymsa-arqyly-oz-esiminin-magynasyn-bile-alady/