Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық тұрғын TikTok эфирінде отырып, жол ережесін өрескел бұзған

Опубликовано:

Жігіттің полицейлердің ұстаған сәті
Жігіттің полицейлердің ұстаған сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Тараздық тұрғын TikTok желісіндегі тікелей эфирде көлік жүргізіп келе жатып, алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөздер айтқан. Бұл әрекеті үшін құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, айыппұл арқалады, хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жақында TikTok тікелей эфирінде тараздық жас жігіт көліктің тізгінінде отырып, алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөз сөйлеген. Содан соң ол автокөліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, қала ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Тараз қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтады.

24 жастағы ер адамға қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, сақтандыру полисінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушы енді айыппұл төлейтін болады және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056811-tarazdyq-turgyn-tiktok-efirinde-otyryp-zol-erezesin-oreskel-buzgan/

pixel