Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы 51 млн теңгеге пентхаус сатып жатыр

Опубликовано:

Сатылып жатқан пентхаус орналасқан үй
Сатылып жатқан пентхаус орналасқан үй. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Елордада Астана халықаралық әуежайына тиесілі бес бөлмелі пентхаус сатылады. Лот электронды сауда алаңында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарландыруда пентхаус бес бөлмелі және ауданы 130,7 шаршы метр екені жазылған. Тұрғын үй елорданың Алматы ауданындағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан.

Ғимаратты сатушы - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ. Сипаттамада бағаны көтеру үшін аукцион өткізіліп жатқаны, пәтердің бастапқы бағасы 51 304 000 теңге екені жазылған.

"Кепілдік жарна 7 695 600 теңге қажет. Өтініштер 25 қаңтарға дейін қабылданады, содан кейін сатып алу басталады", - деп жазылған хабарландыруда.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарландыруға түсінік берді.

"Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының (қазіргі Астана қаласы - ред.еск.) 2021 жылғы 16 маусымдағы үкімін орындау мақсатында аталған пәтер өтемақы төлеу үшін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-на берілді. Сот үкімімен өндірілген материалдық шығын үшін (Бабашева ісіне қатысты) әуежайдың пайдасына сот үкімі шығарылып, басқарма шешімімен балансқа өткен мүлікті сату ұйғарылған", - деп жауап берді әуежайдың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056831-astana-auezaiy-51-million-tengege-pentxaus-satyp-zatyr/

pixel