jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

QazVac вакцинасын жасаған Күнсұлу Закария президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Күнсұлу Закария
Күнсұлу Закария. Фото: gov.kz

Күнсұлу Закария президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген өкімде.

Күнсұлу Дальтонқызы Закария Жезқазған облысы Қарсақпай ауылында дүниеге келген. Ол - биотехнология саласындағы қазақстандық ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Ол 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап Қазақстан республикасы президентінің жанындағы Қазақ ұлттық ғылым академеиясының президенті болған.

QazVac вакцинасын жасаған Күнсұлу Закария президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.