Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жеңіл көлік өртенді (фото, видео)

Опубликовано:

Көлік өртенді
Көлік өртенді. Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Алматыда жеңіл көлік жолда өртке оранды. Төтенше жағдайлар департаменті оқыс жағдайға байланысты ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

22 қаңтар күні сағат 19:35-те өртті сөндіру үшін Әл-Фараби-Сейфуллин қиылысына өрт сөндіру бригадалары жіберілді. Оқиға кезінде Hyundai Accent көлігі өртеніп кетті.

"Алғашқы минуттардан бастап өртті сөндіру бүкіл қала бойынша, бейнекамера жүйесінің камералары арқылы бақыланды. Назарбаев даңғылы мен Әл-Фараби даңғылы бойындағы ұзаққа созылған кептеліс өрт сөндіру техникасына кедергілер туғызды", - деп атап өтті төтенше жағдайлар департаменті.

Көлік өртенді
Көлік өртенді. Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сағат 19:50-де сөндірілді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

"Құрметті көлік иелері! Жеңіл көлікте шыққан өрт тез өршіп, темір тұлпарды 2-3 минут ішінде толығымен жойып жіберетінін естеріңізге саламыз. Сондықтан автокөліктердің электр жабдығына арнайы техникалық қызмет көрсету станцияларында қызмет көрсетілген болуы керек және көлікте өрт сөндіргіш болуы қажет", - деді төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056846-almatyda-zenil-kolik-ortendi-foto-video/

pixel