Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда алтыншы сәбиін күтіп жүрген 29 жастағы келіншек үйінде босанып қалды

Опубликовано:

Жаңа туған сәби
Жаңа туған сәби. Фото: pixabay.com

Атырауда 29 жастағы келіншек алтыншы перзентін үйінде босанған. Жедел жәрдем көлігі келем дегенше, әйелді күйеуі босандырып алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдем қызметіне наразы. Оның айтуынша, 103 операторлары бірнеше минут бойы түрлі сұрақ қойып, еш асықпаған. Ер адам "Амалсыз кинодан көргенімді, бар білгенімді жасадым" дейді.

"Қабылдаған диспетчерлердің сылбырлығы деп ойлаймын. Мен оларға аты-жөні мен диагнозын толық айтқан кезде қайталап кері сұрап, одан кейін жасын, тағы да басқа қосымша ақпарат сұрап жатыр. "Бала шығып жатыр" дегеннен кейін жедел жәрдем дереу қабылдау керек деп ойлаймын. Мекенжайды беріп тұрмын. Егер жалған ақпарат берсем, онда заңға тартуларына болады", - деді алты баланың әкесі Мереке Құмаров.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, жедел жәрдем станциясының басшылары әйелдердің үйде босануы дүрбелең жасайтын дүние емес екенін айтқан. Тіпті Еуропа тәжірибесінен мысал келтірген директор медицина мамандарының санатқа сай, уақытымен барғанын мәлім етті.

"Бұл әйел босануы физиологияда қалыпты жағдай болып есептеледі. Сіз сияқты дүрбелең жасайтын патология емес. Бізде бес минутта жетіп келу керек. Ондай емес. Бізде шақыртудың 1,2,3,4 деген санаттары бар. Сол бойынша жедел жәрлем уақытында барған. Мен ешқандай кешігу көріп тұрған жоқпын", - деді Атырау облысы жедел жәрдем станциясының директоры Азамат Ерболов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056849-atyrauda-altynsy-sabiin-kutip-zurgen-29-zastagy-kelinsek-uiinde-bosanyp-qaldy/

pixel