jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Тұман және бұрқасын": Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Қыс мезгілі, көлік
Көлік. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

23 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы нашарлайды деп күтілуде. Осыған байланысты синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

23 қаңтар күні түнде Атырау облысының шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады

Ертең Жетісу облысында екпіні 18-23 м/с болатын жел соғады.

Сейсенбі күні Қостанай облысының солтүстігінде, батысында және шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

23 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Алдағы түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Облыстың тау асуларында қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Алдағы түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында да бұрқасын күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, облыс орталығында солтүстіктен жел соғады.

23-25 ​​қаңтарда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін. 23-25 ​​қаңтарда оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста жел соғады.

Дүйсенбі, 22 қаңтар сағат 21:00-ден 23 қаңтар, сейсенбі сағат 21:00-ге дейін күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.

"Тұман және бұрқасын": Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.