jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Өскеменде "Крик" фильміндегі бетпердемен жұмысқа келген автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Бетперде киген жүргізуші
Бетперде киген жүргізуші. Фото: instagram/gde_novosti_uka

Өскеменде автобус жүргізушісі қорқынышты фильмдегі бетпердемен қоғамдық көлікті басқарған. Ер адам жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Yknews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға куәгерлері "Крик" фильміндегі бетпердені киіп, автобусты басқарып бара жатқан жүргізушінің видеосын әлеуметтік желіге таратқан.

Жүргізушінің әрекетіне қатысты тұрғындардың пікірі екіге жарылды. Біреулер балалар қоғамдық көлік жүргізушілерінен қорқуы мүмкін деп жазды. Басқалары мұндай бетперде киген жүргізуші басқа жол қозғалысына қатысушылардың назарын аударуы мүмкін екенін айтты. Кейбір желі қолданушылары жүргізушінің әзіліне қолдау білдірді.

Алайда, автобус жүргізушісі жұмыс істейтін компания мұндай әзілді бағаламады.

"Тасымалдаушының айтуынша, аталмыш жүргізуші әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған", - деп хабарлады "Өскемен жолаушылар тасымалын басқару орталығы" ЖШС.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі автобус жүргізушісі жол ережесін бұзбағанын, сондықтан оны жауапкершілікке тартпайтынын хабарлады.

Өскеменде "Крик" фильміндегі бетпердемен жұмысқа келген автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.