Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінді (видео)

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісінен пайда болған жарықшақ. Көрнек фото: pixabay.com

Алматы тұрғындары 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісін сезді. Алматылықтар жер дүмпуінен кейін жаппай көшеге шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта қанша балдық жер сілкінісі болғаны нақтылануда.

"Сейсмикалық станциялар желісі "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.
  • Магнитудасы - MPV 6.7.
  • Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша - 41,22°. 1,78° В
  • Тереңдігі - 65 км.
  • Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы - 5 балл

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз;
  6. Көп қабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз
  7. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  8. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  9. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  10. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  11. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056863-almatyda-zer-silkindi-video/

pixel