Алматыда жер сілкінген соң Досаев жедел штабтың шұғыл жиналысын өткізді
Жарияланған күні:
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпаратынша, қалада тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі қосылған. Полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеуде.
Барлық мектеп мен балабақша ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істеп тұр.
Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.
"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056884-almatyda-zer-silkindi-dosaev-zedel-stabtyn-sugyl-zinalysyn-otkizip-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.