Сейсмолог: Жақын уақытта Алматыда жойқын жер сілкінісі күтілмейді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖақын арада Алматыда жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алдағы уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Сейсмикалық жағдай Қытай мен Қырғызстан аумағында болды. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары сезінген жер сілкіністері афтершок болып табылады. Орталық Азияның барлық дерлік елі сезінді", – дейді Дәулет Сәрсенбаев.
Ол 10-нан астам афтершок тіркелгенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056885-seismolog-zaqyn-uaqytta-almatyda-zoiqyn-zer-silkinisi-kutilmeidi/