Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісінен кейін тұрғын үйлердің зақымдалуы қашан тексеріле бастайды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қалада болған жер сілкінісінен кейін тұрғын үйлердің зақымдалғаны қашан тексерілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біз мүмкіндігімізге қарай ақпараттың бәрін тексереміз. Тұрғын үйлер әкімдікпен бірлесе отырып тексеріледі. Тұрғындар ақпарат жіберіп тұра алады. Бұған дейін әлеуметтік желіде қосымша телефон нөмірлерін жариялаған едік, біз тағы қайталап тексереміз. Бірақ қай уақытта бастайтынымызды әзірге нақты айта алмаймыз", - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалалық ТЖД брифингінде.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жер асты дүмпулері әсіресе, Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056995-almatyda-zer-silkinisinen-keiin-turgyn-uilerdin-zaqymdalgany-qasan-tekserile-bastaidy/