Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жойқын жер сілкінісі күтіліп отырған жоқ": ТЖМ басшысы алматылықтарды үрейленбеуге шақырды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ТЖМ басшылығымен өткен жебел штаб отырысы
ТЖМ басшылығымен өткен жебел штаб отырысы. Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты алматылықтарды үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сырым Шәріпханов жер сілкінісінен кейін ғимараттар мен нысандардың қирауы анықталмағанын хабарлады.

"Жер сілкінісінен кейін бір сағаттың ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Психологтарды тарта отырып, сенім телефоны іске қосылды. Күштер жоғары дайындық режиміне көшті. Алматыда зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері жұмыс істей бастады", - деді министр.

Оның айтуынша, барлық облыста осындай пункттер бар. Олар туралы ақпарат 2GIS жүйесінде және көпқабатты үйлердің кіреберісінде бар.

"Күшті және жойқын жер сілкінісі күтіліп отырған жоқ, тұрғындарды үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деді ТЖМ басшысы.

Бұдан кейін министр бүгін сағат 07:00-дегі жағдай бойынша үш маңызды сейсмикалық жағдай тіркелгенін айтты. Жер сілікіністері Алматы қаласында - 5 балл, Шымкентте - 2 балл, Жамбыл облысында - 2-3 балл, Жетісу облысында - 4 балды құраған.

"Өңірлердің ТЖ құралдары мен күштері жоғары дайындық режиміне көшті, командалық-штабтық көліктер, авариялық-құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабарландыру жүйесі ұйымдастырылды. Алматы қаласында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда 15 өңір мен орталық мемлекеттік 7 органның күш құрылымдарынан 55 мың адам және 9 мың техника тарту жоспарлануда", - деді ТЖМ басшысы.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жер асты дүмпулері әсіресе, Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057006-tzm-bassysy-almatylyqtardy-ureilenbeuge-saqyrdy/