Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір жыл ішінде электрмобильдер саны 13,5 есеге өсті

Опубликовано:

Электромобиль
Электромобиль. Көрнекі фото: Seksan Mongkhonkhamsao / Getty Images

Қазақстанда бір жыл ішінде электрмобильдер саны 13,5 есеге артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы Telegram-дағы ресми арнасы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл желтоқсандағы жағдай бойынша, электр қуатымен жұмыс істейтін көліктер саны 13,5 есеге, яғни 570-тен 7680 данаға дейін өскен.

Оның ішінде электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 16,7 есеге, 443-тен 7383 данаға дейін өскен.

Қазақстан бойынша электрмобильдерді көбіне Алматыда кездестіруге болады – 4315 дана, Астанада – 945 дана, ал Алматы облысында – 354 дана тіркелген. Ең аз электрмобильдер саны Абай облысында тіркелген – небәрі 14 электрмобиль.

Сондай-ақ электр қуатымен жүретін жүк көліктерінің саны 2 есеге, 127 данадан 262-ге дейін көбейген. Аталған көліктердің басым бөлігі Алматыда (94 дана) әрі Алматы облысында (17 дана) пайдаланылады.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша электр қозғалтқышы бар 35 автобус тіркелген, олардың басым бөлігі Астана (21 дана) мен Алматыда (11 дана) қатынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057034-qazaqstanda-bir-zyl-isinde-elektrmobilder-sany-135-esege-osti/

pixel