"Үрей мен дүрбелең тудырды": Алматыда жер сілкінісі туралы фейктердің авторлары іздестірілуде
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда полиция кеше түнде жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан адамдарды іздестіріп жатыр. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алматы полиция департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды пайдалана отырып, кеше түнде қоғамда негізсіз үрей мен дүрбелең тудырған жалған хабарлама авторларының жеке басын анықтауда", - делінген хабарламада.
Құқыққорғау органдары жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.
Сонымен бірге бұған дейін полицейлер азаматтарды тек ресми дереккөздердің ақпаратына сенуге шақырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыда жер сілкінісі болғаннан кейін желіде түрлі жалған ақпарат тарай бастады.
Мәселен, таңғы сағат 5-те Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат тарады. Мәліметті Төтенше жағдайлар департаменті жоққа шығарды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде қаладағы студенттер жатақханаларының қирағаны туралы ақпарат шықты. Алайда бұл шындыққа жанаспайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057094-urei-men-durbelen-tudyrdy-almatyda-zer-silkinisi-turaly-feikterdin-avtorlary-izdestirilude/