Алматыдан 212 км жерде тағы екі рет жер сілкінді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстан мен Қытайдың сейсмологтары тағы жерасты дүмпулерін тіркеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 212 км жерде Қырғызстан аумағында 08:39-да жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы 4,4, тереңдігі – 10 км болған.
Сонымен қатар сағат 08:54-те магнитудасы 5,1 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Жер дүмпунің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында, 5 км тереңдікте орналасқан.
Қазақстан Республикасының аумағында екі жер сілкінісі де (MSK-64 шкаласы) сезілген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057201-almatydan-212-km-zerde-tagy-eki-ret-zer-silkindi/