jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыдан 212 км жерде тағы екі рет жер сілкінді

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қырғызстан мен Қытайдың сейсмологтары тағы жерасты дүмпулерін тіркеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 212 км жерде Қырғызстан аумағында 08:39-да жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы 4,4, тереңдігі – 10 км болған.

Сонымен қатар сағат 08:54-те магнитудасы 5,1 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Жер дүмпунің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында, 5 км тереңдікте орналасқан.

Қазақстан Республикасының аумағында екі жер сілкінісі де (MSK-64 шкаласы) сезілген жоқ.

Алматыдан 212 км жерде тағы екі рет жер сілкінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.