Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыны түтін басты: әкімдік өкілдері мән-жайды түсіндірді

Опубликовано:

Түтін басқан Алматы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыны басқан түтін Алматы облысындағы өрт салдарынан болған, бұл уақытша құбылыс саналады. Бұл жөнінде қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, 24 қаңтарда қаланың солтүстік бөлігінде атмосфералық ауаның нашарлауына және қара түтіннің пайда болуына Іле ауданындағы Бірінші Мамыр өнеркәсіптік аймағындағы өрт себеп болған. "Сағат 7:00-ден 9:20-ға дейін қара түтін көтеріліп, бірнеше шақырымға созылды, желдің аздығынан түтін баяу өтіп, қала шегіне шамамен үш сағат бойы тарады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері "сағат 12.00-ден бастап қара түтін Алматы облысының Іле ауданына ауысқанын" атап өтті. Олардың сөзінше, бұл – уақытша құбылыс.

Бүгін таңғы уақытта Алматы облысы Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді. Облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметінше, өрт сағат 9:12-де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057313-almatyny-tutin-basty-akimdik-okilderi-man-zaidy-tusindirdi/

pixel