Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Қазақстанда жаңа министрлік құруды ұсынды

Жарияланған күні:

Жер қазып жатқан техника
Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысында депутат Арман Қалықов Қазақстанда жаңа құруды ұсынды. Оның айтуынша, елімізде Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Қалықов бірнеше депутаттың атынан жолдаған сауалында Қазақстандағы кен орындарын игеру азаматтарға пайда әкеліп, елді мекендерді дамыту үшін, жұмыс орындарын ашу үшін мемлекет қарқынды жұмыс істеуі керегін атап өтті.

Алайда, депутаттың айтуынша, қолданыстағы заңнама ұлттық мүддені ескермей, тек өз мақсатын ғана ойлайтын инвесторлардың қазақстандық кен орындарына қол жеткізуін көздейді.

"Егер бұрын кен орнын өндіру процесі мемлекет тарапынан реттелсе, қазір жер қойнауын кешенді және ұтымды пайдалану ұғымы жойылған. Қазіргі уақытта қорларды игеру варварлық, жыртқыштық түрде жүргізілуде", - деді Қалықов.

Депутат Қазақстанда пайдалы қазбалар қоры таусылып бара жатқанын, бақылаусыз өндіру жалғасып жатқанын – бұл елдің ұлттық және энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты.

Бұл мәселелерді шешу үшін депутаттар жаңа министрлік құруды ұсынды.

"Осыған байланысты геологиялық саланы жүйелі дамыту үшін жеке мемлекеттік орган – Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құрған жөн секілді.

Бұл министрлік ағымдағы және алдағы 3-5 жылдық кезеңге жер қойнауын зерттеудің, минералдық-шикізаттық базаны толықтыруды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуі керек", - деді депутат Қалықов.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айының басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылған еді:

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Көлік министрлігі;
  • Туризм және спорт министрлігі;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057319-deputat-qazaqstanda-zana-ministrlik-qurudy-usyndy/