Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында білім беру саласында аса ірі мөлшерде қаражат ұрланған

Опубликовано:

Ақша санап отырған кассир
Кассир 10 мыңдықтарды санап отыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы ҚМА Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік ақпараты бойынша, сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке "Келес ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлері ілінген.

"Олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды", - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Агенттік өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайтынын айтып отыр.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - деп ескертті ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057330-turkistan-oblysyndagy-bilim-beru-salasynda-asa-iri-molserde-qarazat-urlangan/

pixel