Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында зілзаладан кейін 40-тан аса ғимаратта жарық пайда болған

Опубликовано:

Қабырғадағы жарықтар
Қабырғадағы жарықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысындағы жер сілкінісінен кейін жергілікті атқарушы органдар нысандарды тексеріп, 44 мекемеде жарық пайда болғанын анықтаған. Бұл туралы өңір әкімдігінің Instagram-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, 24 қаңтарда Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша визуалдық шолып тексеру нәтижелері бойынша, мына 44 объектіде жарықтар табылған:

  • Ұйғыр ауданы бойынша - 11 объект (Денсаулық сақтау объектісі - 1, білім беру объектілері - 8, МҮ - 2);
  • Еңбекшіқазақ ауданы бойынша - 14 объект (білім беру объектілері - 7, Денсаулық сақтау объектілері - 1, МҮ - 6);
  • Талғар ауданы бойынша - 3 объект (барлығы білім беру объектілері);
  • Кигин ауданы бойынша - 4 объект (барлығыденсаулық сақтау объектілері);
  • Жамбыл ауданы бойынша - 2 объект (барлығы білім беру объектілері);
  • Райымбек ауданы бойынша - 3 объект (білім беру объектілері - 2, МҮ - 1);
  • Іле ауданы бойынша - 3 объект (барлығы денсаулық сақтау объектілері);
  • Қарасай ауданы бойынша - 4 нысан (барлығы білім беру нысандары).

Еске салайық, 23 қаңтарда түн ортасынан ауған шақта Алматыда жер сілкінісі болды: қорқып кеткен қала тұрғындары көшеге жүгіріп шықты. Сезілуі - 5 балл.

Содан кейін қайталанатын дүмпулер тіркелді.

ТЖМ жер сілкінісі Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Жетісу облыстарында да сезілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057334-almaty-oblysynda-zilzaladan-keiin-40-tan-asa-gimaratta-zaryq-paida-bolgan/

pixel