Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТаразда ер адамның денесі тұрғын үйлердің бірінің маңындағы құдықтан табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі "Тараз в объективе" парақшасында бір күн бұрын қоғамдық тәртіп сақшыларының марқұмның денесін құдықтан алып шыққаны түсірілген куәгердің видеосы жарияланды.
Автор бұл кадрлар қаланың 10-шағынауданында түсірілгенін жазған.
Бұл факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаменті учаскелік полиция инспекторы құдық ішінен ер адамның денесін тапқанын хабарлады.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм шамамен 50-60 жаста. Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057406-tarazda-qudyqtan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/