Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Полицейлер
Полицейлер. Видеодан кадр: instagram.com/taraz_v_obektive

Таразда ер адамның денесі тұрғын үйлердің бірінің маңындағы құдықтан табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі "Тараз в объективе" парақшасында бір күн бұрын қоғамдық тәртіп сақшыларының марқұмның денесін құдықтан алып шыққаны түсірілген куәгердің видеосы жарияланды.

Автор бұл кадрлар қаланың 10-шағынауданында түсірілгенін жазған.

Бұл факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаменті учаскелік полиция инспекторы құдық ішінен ер адамның денесін тапқанын хабарлады.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм шамамен 50-60 жаста. Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057406-tarazda-qudyqtan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel