Полиция Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген Telegram арнасының авторын іздеп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомTelegram желісінде авторы Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген арна пайда болды. Облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факт бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген полиция таратқан хабарда.
Ведомство ақпаратынша, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылған.
"Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз", - деп хабарлады полициядан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057494-policiya-aqtobe-mektepterinde-atys-zasaitynyn-malimdegen-telegram-arnasynyn-avtoryn-izdep-zatyr/