Ақтөбеде "мектепке шабуыл жасалады" деген ақпараттан соң сабақтар тоқтатыла ма
Жарияланған күні:
Ақтөбедегі білім беру мекемедеріне шабуыл жасалады деген ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқушылар мен ата-аналарды сабырға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Telegram арнада жарияланған ақпарат қазақстандықтарды шошытты. Онда автор Ақтөбе мектептеріне мен сауда орталықтарына шабуыл жасаймын деп қорқытқан. Полиция факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады.
Сонымен бірге Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ақтөбелік оқушылардың ата-аналарын сабыр сақтауға шақырды.
"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан белгісіз адамдар Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасайды деген ақпарат ата-аналардың арасында дүрбелең тудырды. Кейбірі балаларын мектептен әкетіп жатыр. Бірақ бұл жаппай емес. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында оқу процесі тоқтаған жоқ, әдеттегі режимде жалғасуда. Ата-аналарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалады", - деді ведомство өкілі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Одан бөлек, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желілерде мектепті басып алу мүмкіндігі туралы таратылған хабарлама шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады.
"Комитет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қауіпсіздік жүйелерін күшейту, сондай-ақ еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жөнінде қосымша шаралар қабылдауда", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057553-aqtobede-mektepke-sabuyl-zasalady-degen-aqparattan-son-sabaqtar-toqtatyla-ma/