Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "мектепке шабуыл жасалады" деген мәлімет шықты: Асхат Шахаров білім ордаларына барды (видео)

Жарияланған күні:

Асхат Шахаров
Асхат Шахаров. Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров "Ақтөбедегі мектепке шабуыл жасалады" деген ақпараттан соң білім беру ұйымдарына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының бірқатар мектебін (№21, 27, 32 мектеп) аралап, оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесті.

Өңір басшысы дүрбелең туғызып, үрейге бой алдыруға ешқандай себеп жоқ екенін атап өтті. Ол халықты сабырлы болуға, тек сенімді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. "Үрейленуге себеп жоқ. Халықтан тыныштықты сақтап, тек сенімді, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймын. Бұл хабарламалардың жалған екендігі бұрыннан белгілі. Дегенмен, қауіп төндіру туралы айтылғандықтан, барлық мектептерде қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жағдай – бақылауда", - деді Асхат Шахаров.

Еске сала кетсек, Telegram желісінде авторы Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген арна пайда болған еді. Кейін облыстық полиция жазба авторлары іздестіріліп жатқанын, тергеу басталғанын мәлімдеді.

Елдің үрейін ұшырған ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқушылар мен ата-аналарды сабырға шақырды. Ведомство өкілі балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057558-aqtobede-mektepke-sabuyl-zasalady-degen-aqparattan-son-asxat-saxarov-bilim-ordalaryna-bardy-video/