jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Желіде жарияланған видеодан кейін астаналық полицейлер қызметінен босатылды

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына жазылған видео жарияланды. Автор үш тәртіп сақшысыгың мас болғанын айтады. Жағдайға қатысты полиция департаментінің бастығы пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Egov.press Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан үш полицейдің лифтке кіргенін, біреуінің қолында бөтелке бар екенін көруге болады. Жазбада тәртіп сақшыларының мас күйде болғаны айтылады.

Жағдайға қатысты Астана полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен телеграм каналдарында таратылған елорда ПД қызметкерлеріне қатысты бейнеге орай мынаны хабарлаймын: елордалық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді, оның нәтижесінде қызметкерлер атқаратын лауазымдарынан босатылды", - деп жазды ол.

Желіде жарияланған видеодан кейін астаналық полицейлер қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.