Елімізде әуежайлар маңындағы заңсыз ғимараттар сүріледі
Жарияланған күні:
Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларының маңында бұрын салынған заңсыз ғимараттарды сүру қажет екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствон ресми сайтында хабарлады.
Ведомство жариялаған ақпаратқа сүйенсек, әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі кеңес барысында талқыланды.
Көлік министрі Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуежайларға таяу құрылыс процестерінің барысын қатаң бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.
"Жергілікті атқарушы органдарға аэродром аумағында бұрын салынған ғимараттарды ерекше бақылауға алып, жою шараларын қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.
Бұған қоса ведомство хабарламасында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бүгінгі таңда осындай ғимараттардың нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта аймақтарға бөлуді белгілеу мәселесіне бастамашылық жасағаны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057671-elimizde-auezailar-manyndagy-zansyz-gimarattar-suriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.