Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккен қанша адам ауруханада жатыр

Опубликовано:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Жақында болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алып, ауруханада жатқан жеті адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зілзаладан зардап шеккен үш адам жедел жәрдем ауруханасында қажетті медициналық көмек алуды жалғастыруда. Біреуінің жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы орташа ауыр.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында төрт бала жатыр, олардың жағдайы орташа және тұрақты деп бағаланып отыр, деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Алматыда 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057712-almatyda-zer-silkinisinen-zardap-sekken-qansa-adam-auruxanada-zatyr/

pixel