Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады

Опубликовано:

Көрнекі
Салынып жатқан үйлер. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты. Тізімге 45 тұрғын үй кешені кірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тізім құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар, жобамен салынбаған және басқа да ережебұзушылықтар анықталған бірқатар тұрғын үй кешенімен толығып отыр.

"Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар кірді. Басқарманың дерегінше, осындай ТҮК бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтама желісі бойынша ТҮК құжатының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Алатау ауданы

  1. "Питтсбург" ТҮК
  2. ORDA CITY КПТҮ
  3. Dostar Deluxe КПТҮ

Алмалы ауданы

  1. Auezov Apartaments ТҮК
  2. Tole BI Residence ТҮК

Наурызбай ауданы

  1. Apple Park ТҮК
  2. "Люксембург" ТҮК
  3. "Мұнартау" ТҮК
  4. Таунхаус, мекенжайы: Қарағайлы ш/а., 2-ші бөлімше
  5. Sofia Village коттедж қалашығы
  6. Flora ТҮК
  7. Lantana ТҮК
  8. "Французский дом" ТҮК
  9. КПТҮ мекенжайы: Кенесары хан к-сі, 98 уч.
  10. Қарағайлы ш/а., Құралай к-сі, 37-үй бойынша блокталған үй

Бостандық ауданы

  1. "Баганашыл" КПТҮ
  2. "Швейцария" ТҮК
  3. Rich клуб үйі
  4. Khan клуб үйі
  5. Graff ТҮК
  6. Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайындағы КПТҮ
  7. Pine Hills клуб үйі
  8. Клуб үйі: Нұр-Алатау ш/а., Қ.Тауасарұлы к-сі, 71/21 үй
  9. Асқар тау ш/а., Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй
  10. EVIM NOVO ТҮК
  11. "Баракат" ТҮК
  12. Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 39, 41 мекенжайындағы таунхаус
  13. Клуб үйі: Нұр Алатау ш/а., Баязитова к-сі, 13-уч.
  14. Клуб үйі: әл-Фараби, 128/3 уч.

Медеу ауданы

  1. Sky Club House клуб үйі
  2. Priority клуб үйі
  3. Sky Park ТҮК
  4. "Мечта" таунхаусы
  5. Достық даңғ, 170/1 мекенжайындағы ТҮК
  6. Maison клуб үйі
  7. Demeu Residence клуб үйі
  8. Pine Hill Residence клуб үйі
  9. Alma Garden клуб үйі
  10. Chelsea Club House клуб үйі
  11. Domino Life ТҮК
  12. Monterosa КПТҮ
  13. 3-көше, 12-уч мекенжайдағы таунхаус
  14. Оспанов к-сі, 89/10 мекенжайдағы таунхаус
  15. Нұрмағамбетов к-сі, 374/1 18 мекенжайдағы КПТҮ
  16. Damac House клуб үйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057735-almaty-akimdigi-satyp-aluga-usynylmaityn-turgyn-ui-kesenderinin-tizimin-zariyalady/

pixel