Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 4 күн ішінде 1800-ден аса афтершок тіркелді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

23 қаңтардан 26 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша 1800-ден астам афтершок тіркелсе, оның ішінде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі 11 рет болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы өкілдерінің хабарлауынша, 23-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 1800-ден аса әлсіз афтершок тіркелген.

"Бұл жер дүмпуі белсенділігі күні бүгінге дейін жалғасуда, бұл табиғи құбылыс. Бұл процестің қанша уақытқа созылатынын нақты айту қиын. Бұл көптеген факторларға байланысты: мәселен эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикалық деңгейі. Жер сілкінісінің орналасқан жері, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа да параметрлері де әсер етеді. Әдетте сейсмикалық процесі бірте-бірте басылып қалыпты режимге түседі", - деді сейсмологтар.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін түскі 14 сағат 17 минутта алматылықтар жер сілкінісін сезді.

Сондай-ақ түнгі сағат 02:01-де жер сілкінісі болып, оны Алматы мен Талғар қаласының тұрғындары сезінгенін жазған едік.

Айта кетейік, Алматыда қаңтардың 22-нен 23-не қараған түні жер сілкінді. Ол кезде дүмпу қала тұрғындарына 5 балл болып сезілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057751-qazaqstanda-4-kun-isinde-1800-den-asa-aftersok-tirkeldi/