Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Ұлттық банк1
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк жалған құжат қолданатын телефон-алаяқтары қайта шыға бастағанын хабарлап, тұрғындарға үндей жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің ресми сайтына сілтем жасап хабарлайды.

Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және халықпен ақшалай есеп айырыспайды, оның ішінде "алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізуге" азаматтарды тартпайтынын мәлім етті.

Қазақстан Ұлттық банкі телефон-алаяқтарының қайта шыға бастағанын хабарлады. Олар өз "өкілеттігін" растау үшін жалған құжаттар ұсынып жүр, деді Ұлттық банк өкілдері.

"Алаяқтар өзін Ұлттық банктің Қауіпсіздік департаменті қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстырады. Бұл схема "екінші деңгейлі банктердегі алаяқты ұстау үшін"деген желеумен "Ұлттық банктің қызметкері" болып жалған ақпаратты ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп олар алдын ала жасап алған "Ұлттық Банк қызметкерінің куәлігін" ұсынып, қоңырауларды өзге бөгде адамдарға бағыттайды, банктік аударымдар үшін реквизиттер ұсынады.

Сонымен қатар азаматтарға сенімді болып көрінуі үшін жалған құжаттарға уәкілетті адамдардың қолдарын қойып, аты-жөнін жазып, мөрін басады", - делінген хабарда.

Ұлттық банк "Ұлттық банктің Қауіпсіздік департаменті қызметкері" болып қоңырау шалған алаяқтармен сөйлеспей, "алаяқты ұстауға бағытталған қандай да бір операцияға" қатыспауға үндейді.

"Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, халықпен ақшалай есеп айырыспайды, соның ішінде азаматтардан "арнайы операцияға" қатысуын сұрамайды.

Ұлттық банк мобильдік қосымшаларды орнатпауды, өзінің дербес деректерін жария етпеуді, ұялы телефонды қашықтан басқаруға жол бермеуді және телефонмен әңгіме кезінде тұтқаның арғы жағындағы бейтаныс адамның нұсқауымен үшінші тараптың шотына ақша аудармауды сұрайды. Егер жеке деректеріңіз жария болып кеткен жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Осы мәселеде кеңес алу үшін 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына қоңырау шалуға болады", - деп ескертті Ұлттық банк өкілдері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057770-ulttyq-bank-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel