Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінде жатыр": жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Дәрігер жұмыс кезінде
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда орын алған жер сілкінісі кезінде зардап шеккен тұрғындардың жағдайы белгілі болды. Зілзалада үшінші қабаттан секіріп кеткен келіншектің жағдайы әлі де ауыр. 33 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жер сілкінісі кезінде биіктен секіріп кеткен әйел отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екеуінің халі орташа ауыр. Дәрігерлердің айтынша, оларға тағы күтім қажет.

Балалар шұғыл медициналық орталығына жеткізілген төрт жеткіншек те әлі ауруханада жатыр. Жасөспірімдердің жағдайы орташа тұрақты.

Алматыда үш күн бұрын болған зілзаладан 67 адам зардап шеккен. Оның 12-і — бала. Барлығы бес балл дүмпуді сезгенде бірден сыртқа ұмтылған. Қысылысып, үстіңгі қабаттан төмен қарай түсе берген сәтте кейбірі баспалдақтан құлап жарақаттанған.

Дереккөз: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057834-zansaqtau-boliminde-zatyr-zer-silkinisi-kezinde-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/