jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Желіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видеосы тарап кетті. Оқыс оқиға Қарағанды қаласында орын алған. Өңірлік полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған видеодан ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне дауыс көтеріп сөйлеп жатқанын көруге болады. Қала тұрғыны жүргізушіге көлікті дұрыс қоймағаны үшін шүйліккен. Ашуға булыққан ер адам жедел жәрдем қызметкеріне соққы жаудырған.

Қарағанды облысы полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген азамат анықталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер мен зорлық-зомбылық кадрлары кездеседі!

Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.