Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажар Ғиният соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты оқиғаға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты оқиғаға пікір білдірді. Жедел жәрдем қызметкеріне дене жарақаттарын келтірген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният Қарағандыда орын алған оқыс оқиға жайлы Facebook парақшасында пікір білдірді.

"Жедел жәрдем жүргізушісі Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімшесіне мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылды. Бүгінгі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазды министрлік басшысы.

Ажар Ғинияттың сөзінше, жедел жәрдем бригадасы түнгі 23-30-да дене қызуы көтерілген және қызылшаға күдігі бар балаға шақыртуға келген. Баланы стационарға тасымалдау үшін үйдің ауласына жедел жәрдем көлігі тұраққа қойылды. Онда санитариялық автокөліктің жүргізушісіне өтіп бара жатқан таныс емес адамдар шабуыл жасады.

"Өздеріңіз білетіндей, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Адамның өмірі мен денсаулығы олардың жедел әрекет етуіне байланысты. Бірақ азаматтар біздің фельдшерлер мен "103" жүргізушілерінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін әрдайым түсіне бермейді. Өкінішке орай, мұндай агрессия жағдайлары, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау жиі болады және олар заңмен қатаң түрде кінәлілерді жазалауды талап етеді", - деді министр.

Оның айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының полиция департаментімен бірлесіп уақытылы әрекет етуінің арқасында шабуылдаушы азаматтың жеке басы анықталды.

"Менің ойымша, медицина қызметкерлеріне, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне мүлдем жол берілмейді және құқық қорғау органдарының деңгейінде де, қоғамда да қатаң айыпталуы тиіс.

Зардап шеккен жедел жәрдем жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілеймін және барлық медициналық жұртшылықты осы оқиға бойынша тергеу менің жеке бақылауымда болатынына сендіремін", - деп жазды Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. Өңірлік полиция оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057859-azar-giniyat-soqqyga-zygylgan-zedel-zardem-zurgizusisine-qatysty-oqigaga-pikir-bildirdi/