jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Бүркітші қыз Айшолпан
Бүркітші қыз Айшолпан. Фото: egemen.kz

Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді. Бұл туралы бүркітші Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, өзі Қазақстанда, бір аптадай уақыт бұрын ата-анасы мен бауырлары елге көшіп келген.

"Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын", - деді Айшолпан.

Сондай-ақ отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.

"Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді»", - дейді бүркітші қыз.

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram