Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғындары қосалқы стансадағы апат салдарынан жарықсыз қалды

Опубликовано:

Электр желілері
Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 28 қаңтарда Ақтау қаласының шағынаудандарындағы тұрғындар қосалқы стансадағы апат салдарынан жарықсыз қалды. Түнге қарай электр қуатын беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеше түстен кейін Ақтауда болған электр қуатының апатты өшуі туралы Lada.kz жазды.

"Ақтау электр желілері басқармасы" МКК зақымданған кабель 5-6 шақырым тереңде болғанын, бұл жұмысты қиындатқанын хабарлады.

"Жалпы, бұл кабель әкімдіктің балансында емес. Кезінде жеке құрылысшылар кабельді резервтік желісіз және әкімдіктің рұқсатынсыз жүргізген. Тереңдік ҚР ҚНжЕ сәйкес келмейді", - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев.

Ол 2017 жылдан бері бұзылған желі 10 рет жөнделгенін атап өтті.

"16 және 17-ықшамаудандарда кабель төсеу 0,7 метр тереңде жүргізілуі керек болса да, 4-5 метр тереңде орналасқан. Бұл жол - екі километр", - делінген басылымда.

16-ықшамаудандағы үйлерге жарық кешкі сағат 23.00-ге дейін қосылып, бұзылған жерлерді қалпына келтірілді. Бұл туралы қалалық әкімдік Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Басқарма өкілдері жөндеу жұмыстарын "Ақтау электр желілері басқармасы" МКК қаражаты есебінен жүргізгенін атап өтті. Ал жауапты компания қазір банкрот деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057938-aqtau-turgyndary-qosalqy-stansadagy-apat-saldarynan-zaryqsyz-qaldy/

pixel