Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаев орталығында түнде жол ережесін бұзған жастар кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: ІІМ

Сәтбаевта екі жігіт түнде қала орталығында жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған. Олар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Сәтбаев қаласының орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзғандар туралы бейнежазбаны анықтады.

"Видеодан орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында BMW және Mercedes автокөліктердің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Осылайша жүргізушілер жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызған", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері екі көліктің де жүргізушілерін тауып, әкімшілік жауапқа тартқан. Олар Сәтбаев қаласының 20-25 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Көліктер айыптұраққа қойылды.

Автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057945-satbaev-ortalygynda-tunde-zol-erezesin-buzgan-zastar-kesirim-surady-video/

pixel